Оқыту жаттығуы өтті

Мамыр 14, 2024

14.05.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша «Жалпы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту жаттығуы өтті.

Оқыту жаттығуын Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау аға лейтенанты Сериков Р.Т. жүргізді.

Оқыту жаттығуы барысында Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау аға лейтенанты Сериков Р.Т. балалар үйінің қызметкерлерін өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды, өрт қауіпсіздігі бойынша білімін пысықтап, қауіп төнген кезде қорғануды және өзгелерге алғашқы көмек көрсетуді түсіндірді. Сондай-ақ, өрт сөндірудің бастапқы кезеңдерінде қолданылатын техникалық құралдармен таныстырып, оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетті.

Оқыту жаттығуы соңында  Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау аға лейтенанты Сериков Р.Т. өрт қателіктерді кешірмейтінін алға тартып, өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті.

Өрт – айтып келмейтін қауіпті апат. Мұндай жағдайда адам абдырап, қарапайым қағидаларға мән бермей жатады. Сондықтан бүгінгі өткен оқыту жаттығуының басты мақсаты: балалар үйі ұжымының өртке қарсы және өрт шыққан кездегі әрекеттерді білу деңгейін арттыру, өрт кезінде сыртқа шығу жолдарын нақтылау, қызметкерлердің өртке қарсы психофизиологиялық дайындығын тексеру, ғимараттарда орнатылған өртке қарсы дабылдың дұрыс жұмыс жасауын тексеру болды.

  • 01
  • 02
Оқылды 172 рет