17.05.2024 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Күнім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.
Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.
«Күнім» оңалту тобының күндей жарық тәтті бүлдіршіндеріне және ата-аналарына, балалар үйі ұжымы атынан сәттілік, отбасылық бақыт, жетістік, көптеген қызықты кезеңдер мен таңғажайып қуанышқа толы сәттердің көп болуын тілейміз.