Бүгін жаздың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай елордалық балалар үйіне «ORTODOK» ортопедиялық салондар желісі орталығының мамандары арнайы келіп, бүлдіршіндеріміз білікті травматолог-ортопед дәрігерлердің тексеруінен өтті.
Балалар үйі бүлдіршіндері мен ұжымы атынан, «ORTODOK» ортопедиялық салондар желісі орталығының негізін қалаушы Толегенова Жанэт Аманжолқызына және жоғары санатты дәрігер, травматолог-ортопед Сейсембин Эркин Зиятұлы мен жоғары санатты дәрігер, травматолог-ортопед, жалпы хирург Калиев Арсен Нұрлыбекұлына уақыттарыңыздың тығыздығына қарамай, біздің үйіміздің кішкентай тұрғындарының денсаулығына қамқорлық танытып қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымыз шексіз.