Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ғажайып балалар әлемі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мекеме басшысы Сауле Кенжетайқызы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдіріп, бүлдіршіндерімізге ерекше сыйлықтарымен мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін арнайы келген құрметті қонақтарымызға алғысын білдірді.
Мерекелік іс-шарада бүлдіршіндеріміз бен құрметті қонақтарымыз –Карабас-Барабас, Қуыршақ Барби, Неваляшкамен бірге «Сиқырлы ертегілер әлеміне» саяхат жасады. Ғажайыпқа толы ертегі әлемінде балаларымыз өз өнерлерін ортаға салып, «Baby dance» сәбилер биі, «Қуыршақтар биі», «Неволяшка биі», «Допты жинау» және «Күн мен Жаңбыр» атты қызықты ойындарды ойнап қуанышқа кенелді.
Сондай-ақ, балаларды қорғау күні мерекесі аясында Мадияр мен София есімді бүлдіршініміздің тұсау кесу рәсімі өтті. Мадияр мен Софияның алғашқы қадамы оң, жолы ашық болсын деген ізгі тілегімен тұсауын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы Әбенов мырза мен Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым кесті.
Мерекелік шараға бүлдіршіндерімізді арнайы құттықтап келген қадірлі қонақтарымызда бұл шараға қолдау көрсетіп, балаларға тәттілер мен бағалы сыйлықтарымен қуаныш пен шаттыққа бөледі. Қысқасы балалардың бал күлкісі кернеген мерекелік шара жоғары деңгейде аталынып өтті.