Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде, «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мекеме ұжымы жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен бастады. Мемлекеттік рәміздерімізге құрметіміз ретінде арнайы бейнаматериал әзірленді. Бейнематериал мекемеміздің «Музыка залында» мамандарымызға көрсетілді. Балалар үйінің Қазақ тілі мұғалімі Мырзабаева Қ.Л. рәміздеріміздің құндылығы мен біздің мемлекетіміз тарихындағы маңыздылығы туралы баяндама оқыды.
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!