«Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті

Маусым 14, 2024

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде, «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызы бүлдіршіндеріміздің қамқоршылары ақ халатты абзал жандарымызды кәсіби мерекесімен құттықтап, адал еңбегімен көзге түсіп жүрген аяулы жандарға Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстемова Әлия Шайзадақызының құттықтау «Алғыс хаты» мен Мамандандырылған балалар үйінің атынан «Алғыс хаттар» табыс етті.

Сондай-ақ, үздік қызметімен көзге түсіп жүрген қызметкерлерімізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгілері мен «Еңбек ардагері» медалі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызының «Құрмет грамотасы», Астана қаласының әкімі орынбасары Глотов Евгений Сергеевич мырзаның «Алғыс хаты», Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев

Қасымхан Сенғазыұлының құттықтау «Алғыс хаты» мен «AQNİET» Қазақстан салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының арнайы төс белгісі мен «Алғыс хаттары», «Құрмет грамотасы» табыс етілді.

Құрметті медицина қызметкерлері!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 126 рет