Мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған

Маусым 21, 2024

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік тіл – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Өзің өмір сүріп жатқан елдің тілін, дінін, салт-дәстүрін білу, ол елге деген құрметтің белгісі.

Біздің Балалар үйінде мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған. Оған жауапты мекеменің қазақ тілі маманы Қарлығаш Лесбайқызы. Мекемеміздің өзге тілді қызметкерлері, соңғы 3 жыл көлемінде курсқа қатысып, мемлекеттік тілді үйреніп келеді. Бүгін жалпы жиналыста, Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзреттіліктері бойынша В1 (орта) деңгейін аяқтаған қызметкерлерге сертификат тапсырылды. Тілді үйретуде осы мекеменің қазақ тілі мұғалімі Лаула Тоғатайқызына алғыс айтамыз.

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы!

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 129 рет