Келесі танымдық ойын-сауық бағдарламасы «Ауылға саяхат» атты тақырыпта «Шиелім» және «Ботақан» топтарының тәрбиешілері өткізді. Ауылдағы күнделікті тіршіліктің бір көрінісі, үй жануарлар және олардың төлдері туралы, оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды,жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды қалыптастырды. Көңілді және пайдалы өткен уақыт біздің балаларымызға көптеген жарқын әсерлер мен қуанышты эмоциялар сыйлады. Тәрбиешілерімізге көптен көп алғыс!
Танымдық ойын-сауық бағдарламасы «Ауылға саяхат»
Шілде 04, 2024