12.07.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Шиелім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.
Мерекелік іс-шара барысында, балғындар ата-аналарына 3 айлық оңалту кезінде алған дағдылары мен өз жетістіктерін көрсетті – олар қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады.
Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.
«Шиелім» оңалту тобының күндей жарық тәтті бүлдіршіндеріне және ата-аналарына, балалар үйі ұжымы атынан сәттілік, отбасылық бақыт, жетістік, көптеген қызықты кезеңдер мен таңғажайып қуанышқа толы сәттердің көп болуын тілейміз.