Бүгін Орал Төлегенұлының туған күні

Шілде 19, 2024

Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Бұл қасиет адамды мейірімділікке үйретеді. Мейірімділік – бұл ешбір қызмет, алғыс немесе мадақтауды талап етпей, риясыз көмектесуге ұмтылу.

Балаларға деген ерекше мейірім мен жылулықты беретін, біздің балалар үйінің ұжымы десек қателеспейміз. Осы ретте ерекше атап кететін, ол біздің бағбан Орал Төлегенұлы. Орал аға өз ісінің маманы ғана емес, балалардың қамқоршысы, досы және мейірімді жан десек қателеспейміз. Мекеменің ауласы әркез таза, әрі жайқалып тұрады. Уақытпен санаспайды, жұмысқа ерте келіп, кеш қайтады. Балаларға деген қамқорлығы өз алдына. Керек болған жағдайда көмектесуге үнемі дайын тұрады. Дәл бүгінгідей, мезгілсіз жауып кеткен жаңбырдан бүлдіршіндерімізді қорғап, қолшатырмен топқа кіргізді.

Сонымен қатар, бүгін Орал Төлегенұлының туған күні. Осындай ерекше күнде, Орал ағаға мықты денсаулық және жасаған жақсылықтарыңыз Алладан еселеніп қайтсын деп тілейміз!

  • 01
  • 02
Оқылды 141 рет