«Ана тілім – ардақтым» атты танымдық тәрбие сағаты өтті

Қырқкүйек 05, 2024

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында топ тәрбиешілері «Ана тілім – ардақтым» атты танымдық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Балалардың ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндеріміздің Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, өзге тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу басты мақсатымыз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 216 рет