Арнайы жұмыс сапарымен келген қонақтар

Қазан 02, 2024

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен «Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы» Астана қалалық филиалының төрағасы Омаров Талғат Табысбайұлы, аналитик, эколог Аслан Кульмагамбетов, юрист-медиатор Қанат Боранбай келді.

Балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызы құрметті қонақтарымызды ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайымен таныстырды. Қадірлі қонақтарымыз бассейн, физиотерапия кабинетін, Монтессори кабинетін, сенсорлық кабинетті, логопед кабинеттерін көріп, балалар үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту және абилитациялау бойынша емдік дене шынықтыру залында жүргізілетін жұмыстармен танысты.

Құрметті қонақтарымыз балалардың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, балалар үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Балалар үйінің жағдайы туралы сұрап, көмек қажеттігі жайлы, ұжымды мазалап жүрген жайттардың бар-жоғы жайлы сұрақтарын қойды. Балғындарымыздың өміріне жанашырлығы мен қолдауы үшін қадірлі қонақтарымызға ризашылығымызды білдіреміз.

Оқылды 33 рет