09.10.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаттары – Адамбек Кендебай Сарыбайұлы, Дакенов Ерлан Ергазиевич, Дженалаева Салтанат Мұқанбетпанақызы, Самамбетов Маулен Естаевич, Утешев Нурлан Сулейменович, Самидин Сауле Самидинқызы, Лория Давид Григорьевич, Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызы, Смагулов Аскар Сайлаубекович, Тажимуратов Габит Калиевич, Уразалина Динара Аманболовна, Омурзаков Азамат Турсунбекович, Мағзұм Арсланбек Талғатұлы, сондай ақ, Астана қаласының «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Рүстемова Алия Шайзадақызы, Астана қаласы «Білім басқармасы» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі басшысы Джуманова Гүлмира Елеусізқызы мен қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі бас маман Қожахметова Дина Төлеубайқызы арнайы жұмыс сапарымен келді.
Балалар үйінің директоры Кенжебаева Сауле Кенжетайқызы құрметті қонақтарымызды мекеменің қызметімен таныстырды. Қадірлі қонақтарымыз балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Экскурсия барысында қонақтарымыз ЕДШ, физиотерапия кабинеті, сонымен бірге бассейн, логопедтер кабинетінде, сенсор бөлмесі мен Монтессори кабинетінде болды. Бұл кабинеттер біздің балаларымыздың денсаулығы мен оңалуына арналған. Жанұялық топтар мен «Жұмбақ» оңалту тобының кішкентай тұрғындары қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Олар өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, елордалық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.
Құрметті қонақтарымызға балаларымызға көрсеткен қамқорлығы мен ерекше мейірімі, бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтуға көмектесетін керемет сыйлықтары үшін елордалық балалар үйінің ұжымы мен сәбилерінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.