Корея Республикасының Елшісі Ку Хонг-Сок «Friends of Korea» - ның өтеусіз көмегін табыс етуге арнайы келді.
Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Ку Хонг-Сок пен оның жұбайы Ли Юджин жұмыс сапарымен келді. Елшіні салтанатты күтіп алу рәсіміне Корей мәдени орталығы мен Корея әуесқойлары клубы, біздің үйге арнайы келді. Директорымыз Сауле Кенжетаевна біздің үйді Елші Ку Хонг-Сок мырзаға таныстырып, экскурсия жүргізді. Елші мырза балалардың өмір сүру жағдайымен танысты, қонақтарымыз біздің үй туралы арнайы фильм көрді, мерекелік шағын қойылымдарды тамашалады.
Басшымыз Сәуле Кенжетаевна Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырзаға іс-сапармен арнайы келгені үшін ризашылығын білдіріп, "Friends of Korea" – ның біздің балалар үйіне көрсеткен ерекше қайырымдылық көмегі үшін алғысын айтты.
Рәсімнен кейін Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырза сөз сөйлеп, біздің директор Сәуле Кенжетаевнаға алғысын білдірді және балалар үйінің қызметкерлеріне сәбилерге ерекше қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.
.