15.10.2024 ж. «Шиелім» күндізгі оңалту тобының қоштасу кеші өтті. Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.
Біз балаларымызға ақ жол тілейміз! Осы қысқа уақыт ішінде, олар біздің балаларымыз болып кетті. Сендерге сәтті сапар, жаңа таныстар, көптеген қызықты кезеңдер мен өмірлеріңде таңғажайыптардың көп болуына тілектеспіз! Ақ жол балапандар!