«Қоңырау» тобының сүйкімді ханшайымы Тамира үшін есте қаларлық ерекше күн. 1 жасқа толған тәтті бүлдіршінімізді алғашқы мерекесімен біздің үйдің құрметті қонағы Корея Республикасының Елшісі Ку Хонг-сок мырза мен мекемеміз басшысы Сауле Кенжетаевна арнайы құттықтап, жылы лебізіндерін білдірді. Тамираны бүгінгі қуанышты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, мықты денсаулық, бақыт пен сәттілік тілейміз.
Тамира, айналаң шаттық пен қуанышқа, шат күлкі мен бақытқа, қамқорлық пен мейірімге толсын! Әр сәтің қызықты өтіп, саған тек қуаныш сыйласын. Өмірдің түрлі кедергілерінен сүрінбей, биік шыңдарды бағындырып, жоғары жетістіктерге жетуіңе тілекшіміз. Туылған күніңмен!