Әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатынан бастау алған ізгілік рухы қоғаммен бірге жалғасып келеді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп, ұлы Абай айтпақшы, иісі қазақтың бойында балаға деген көңіл ерекше.
«Changan» автоклубы ұжымына және Бота, Диляра, Мерей ханымға балғындарымызға арналған жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға арнайы сыйлаған тосын сыйларыңыз, оларға үлкен қуаныш, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өздеріңіз секілді қамқор жандардың қолдауы мен мейірімі, біздің бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болып, жақсылықтан үлгі алып, жақсы адам болып қалыптасатындарына сенім береді.
Сіздерді, келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төріңізден орын алсын!