Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.
Елордалық балалар үйі ұжымы мен тәрбиленушілерінің атынан «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-нің 7 «Д» сынып оқушылары мен ата-аналарына және сынып жетекшісі Хуанган Гүлжазира ханымға балаларымызға көрсеткен ерекше мейірімі мен қамқорлықтары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Болашақта биік белестерді бағындырып, жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің өркендеуіне қосар үлестеріңіз мол болсын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және сәттілік тілейміз.