Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай елімізде балалардың шығармалығын қолдау мақсатында Республикалық және ауданаралық шығармашылық байқаулары жиі ұйымдастырылады.
Біздің үйдің «Үміт» тобының дарынды бүлдіршіндері Смурыгин Богдан мен Метлушко Сергей «Балдаурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған «Үздік сурет» атты сурет байқауына қатысып, ерекше қабілетімен «Бас жүлдені» жеңіп, димломмен марапатталды. Осы байқауға бүлдіршіндерімізді белсенді қатыстырып, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге қосқан үлесі үшін Есжанова Жанар Аубакировна мен Мырзахметова Ақмарал Абдикадировнаға «Балдаурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты арнайы диплом табыс етті.
Шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі орынды иеленген бүлдіршініміз бен тәрбиешімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен жоғары жетістіктер тілейміз.