Ізгілікті жанына серік ететін жанашыр жандар үшін ең игі істердің бірі – қайырымдылық көмек көрсету.
Қайырымдылық жасау үшін асқан дәулет емес, жүректегі мейірім мен адал ниеттің болуы жеткілікті. Қайырымды жандар өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Жанашыр, мейірімді жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.
Балалар үйінің сәбилері мен ұжымы атынан, шатырымызда жиналған қарларды, қауіпті екеніне қарамай, қол ұшын беріп, тазарту жұмыстарын жүргізген Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Қамқорлықпен көрсеткен көмектеріңіз екі есе жақсылық болып қайтсын. Қолға алған әрбір бастамаларыңыз сәттілік пен жетістік әкелсін.