Күзгі сенбілік – таза қалада өмір сүру ғана емес, сонымен бірге күз мезгілінде мұңын сейілту және жақсы күні ашық ауада уақытты тиімді өткізу.
Бүгін «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің ұжымы қолдарына колғап, сыпырғыш, тырма және күректерін алып кезекті күзгі сенбілікке шықты. Мамандарымыз құлшыныспен және жоғары көңіл-күймен құлаған жапырақтарды, қоқыстарды, шыбықтарды жинап, гүлзарларды солған гүлдерден тазартып, жас көшеттерді және бұталарды суыққа дайындады.
Үлкендердің белсенді жұмыс атқарып жатқанын бақылаған бүлдіршіндеріміз өздерінің кішкентай тырмаларын қолдарына алып, тәрбиешілеріне күзгі жиналған жапырақтарды тазалауға көмектесті. Балаларымыздың еңбекке қызығушылығы мен қол ұшын беруге ұмтылысы сенбілекке қатысқан мамандарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі. Сенбілік көңілді өтті.