Өрт – тілсіз жау! Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен зардап шегіп жатқан жандарды жиі естіп жатамыз. Сондықтан мұндай тосын жайға тосқауыл қою мақсатында, бүгін Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтіп, оқу-жаттығу эвакуациясымен аяқталды. Оқу-жаттығуы кезінде мамандарға оқыс жағдай болған жағдайда, көшіру жолдары көрсетілді. Оқу-жаттығуы мекеме қызметкерлері мен ТЖК мамандары қатысуымен өтті.
Іс-шараның басты мақсаты: балалар үйі ұжымының өртке қарсы және өрт шыққан кездегі әрекеттерді білу деңгейін тексеру, өрт кезінде сыртқа шығу жолдарын нақтылау, қызметкерлердің өртке қарсы психофизиологиялық дайындығын тексеру, ғимараттарда орнатылған өртке қарсы дабылдың дұрыс жұмыс жасауын тексеру болды.
Бірлескен жоспарлы өрт сөндіру – тактикалық сабағының жоспарына сәйкес мекемеміздегі Еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасының инженері Қайырғали Азаматов жалған өртті тоқтату бойынша өрт-тактикалық үйрету жаттығуын өткізіп, жоғары дайындықтың барын көрсете білді.
Алматы ауданы ТЖК бас маманы АҚ подполковнигі Сабиров Арман Рымбекұлы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолданудың ережелеріне көп назар аударып, қызметкерлерге дұрыс қолдану әдістерін көрсетті.
Алматы облысы ТЖК инженері, АҚ лейтенанты Жаслан Нұрғалиұлы Зейнуллин қызметкерлерімізге өрттің жиі кездесетін себептері туралы және объектіде автоматты өрт дабылы шыққан кезде не істеу керектігін айтты. Сондай-ақ, өрт сөндіру қызметіне қалай дұрыс қоңырау шалу керектігін және нені міндетті түрде хабарлау керектігін түсіндірді.