Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай іс шара өтті

Қазан 28, 2020

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға балалар үйінің тәрбиешілері мен логопед мамандары қатысты.

Алғы сөзді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Лесбайқызы мамандарымызға Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы баяндамасымен бастады. Дөңгелек үстел барысында мамандар ақынның өмір сүрген ортасы, шығармашылығы және әділетсіздікпен арпалысқан қиын тағдыры, еуропа мәдениетін жақындату мақсатында реформатор болғаны туралы айтты. Абай Құнанбайұлының халықтың көзін ашуға бағытталған, олардың кемшіліктерін айқындайтын «Қара сөздері» туралы ой талқыланды. Ойшылдың көзқарастарының моральдық-адамгершілік мәселелері, ағартушының «ақыл-ой, ғылым, ерік-жігері» биік қоғамның прогрессивті дамуына шақыруы ерекше айтылды.

Іс-шара барысында музыкалық жетекші Марат Жайна ақынның «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» әнін қазақтың киелі домбырасымен орындады. Тәрбиеші Маржан Мұқатайқызы отбасымен бірге ұлы ақынның құрметіне «Қара сөздерінен» үзінділер оқып, арнайы бейнеролик дайындады.

Қатысушылар Ұлы ақын, ойшылдың мұрасы бүгінгі күннің шындығында өзінің өзектілігі мен күшін жоғалтпайды деп атап өтті.

Оқылды 402 рет