Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Мейірімді, әрқашан басқаларға көмек көрсетіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұратын жастарымыз бүгін біздің балалар үйіне арнайы келіп, сәбилерімізге сыйлықтарын табыс етті. Балаларымызға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетика факультетінің 1-3 курс студенттеріне ризашылығымызды білдіреміз. Жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, тек биік шыңдардан көрініңіздер. Жақсы істеріңіздің жақсылығын көріңіздер. Жастарымыздың жанашыр жақсы азамат болып жетіліп келе жатқаны жанымызға жылу сыйлайды. Болашағымыздың жарқын боларына кепілдік береді.
ҚазАТУ студенттеріне алғысымызды білдіреміз
Қараша 01, 2020