Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мамандандырылған батальонына алғысымызды білдіреміз

Қараша 03, 2020

«Мейрімділік – жүректен» — дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады.

Жүрегі мейірімге толы, қамқор жандар айналамызда көп кездеседі. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мамандандырылған батальонына сәбилерімізге көрсеткен мейірімі мен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Арнайы сыйлықтарыңыз сәбилеріміздің көңіл-күйін көтеріп, қуанышқа бөледі. Ізгі істеріңіздің игілігін көріңіздер. Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

 

Оқылды 384 рет