Асет Ерболұлына алғысымызды білдіреміз!

Қараша 05, 2020

Жақсылық жасау – адамның бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершілік белгісі. Осы қасиеттерді бойында жинаған «мейірімді адам» Асет Ерболұлына сәбилерімізге жанашырлығы мен шексіз мейірімі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біздің сәбилеріміздің қамқоршы досы Асет Ерболұлы бұл жолы балаларымыз үшін фильтр (суды тазартуға арналған сүзгі) мен құрғақ ыстық ауалы шкаф (сухожаровой) сыйға берді. Бағалы сыйлықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, мол табыс, шексіз бақыт тілейміз.

  • 1
  • 2
  • 3
Оқылды 366 рет