«Сапа текстиль» тігін ательесіне алғыс білдіреміз!

Қараша 10, 2020

«Табиғаттағы барлық жылу күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан» — демекші, бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бен бауырымалдығымыз шынайы болып, азаймаса екен. «Мейірімділік» ― адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу. Мейрімділік – ол өзгелердің игілігі үшін қамқор болу.

Біздің айналамызда мейірімді, қамқор жандар көп кездеседі. Олар үнемі жанашырлық танытып, қолдау көрсетуге дайын тұрады. «Сапа текстиль» тігін ательесі бүлдіршіндеріміздің күнделікті киіп жүрген киімдеріне  жөндеу жүргізіп берді. Жүрегі жылуға толы жақсы жандардың бірі – Жексембина Раузия Сарсеновнаға сәбилерімізге көрсеткен мейірімі үшін алғысымызды білдіреміз. Ерекше қолдауыңыз бен балаларымызға қамқорлық көрсеткеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз.

  • 1
  • 2
Оқылды 399 рет