Күз – бұл тылсым сырға толы таңғажайып жыл мезгілі. Әрине, әр жыл мезгілінің өзіндік ғажайып көріністері мен сырлары бар, бірақ күз мезгілі барлығынан да әсерлі! Оның көркемділігі мен әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Күз мезгілінің адамға шабыт беріп, жарқын көңіл-күй сыйлайтын кескінін салуды жақсы көретін балғындарымыз, жақында өткен Adebi.kz порталының «Күз келбеті» республикалық байқауына қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленіп, дипломмен марапатталды. Сәбилеріміздің әрбір жетістігі біздің үлкен қуанышымыз. Кішкентай суретшілерімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз. Балаларымыз тек биік шыңдарды бағындырып, жетістіктерге жете берсін.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Балаға ақыл айтқаннан көрі бір істі істеп көрсетіп, сондай-ақ өзіне істетіп көрсету керек. Сонда ғана ол іс нәтижелі болады.
Балаларымызды республикалық суретшілер байқауына арнайы дайындап, белсенді қатыстырғаны үшін Бейсембекова Нина Владимировна, Бегерстанова Дамель Хаскирбаевна, Абсеитова Гаукар Зейноллаевна, Верховец Ирина Вадимовна, Мамина Зауреш Толегеновна, Тулесова Гүлжан Алтынбековна, Марат Жайнаған, Байтакова Кульпаш Дюсембековна adebi.kz білім сайтының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Ұрпақ тәрбиесі жауапты іс, жауапкершілік танытып белсенділік көрсеткен мамандарымызға алғысымызды білдіреміз. Жеңістерімін құттықтаймыз, сәттілік пен табыс тілейміз.