Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу маңызды жауапты іс.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен.
Бала – біздің болашағымыз. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының тыныс-тіршілігенен, жай-күйінен хабардар болу мақсатында, бүгін біздің балалар үйіне Нұр – Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі Есполов Бектенбай Тілектесұлы арнайы жұмыс сапарымен келді.
Директорымыз Сәуле Кенжетаевна «Алматы» ауданының әкімі Есполов Бектенбай мырзаға біздің үйді таныстырып, экскурсия жүргізді. Әкім мырза балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Балғындарымыздың денсаулығы мен қажеттіліктеріне қатысты сұрақтарын қойып, қандайда бір көмек қажет болған жағдайда қол ұшын беретінін айтып, қолдау көрсетуге ниетін білдірді. Бүлдіршіндерімізге жанашырлық көрсетіп, жылы жүректен, ізгі ниетпен білдірген қамқорлығы үшін «Алматы» ауданының әкімі Есполов Бектенбай мырзаға алғысымызды білдіреміз.