«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні – бұл балалардың құқықтары туралы хабардар ету және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Бұл күн бүкіл әлемді бір мақсатпен біріктіреді – әр баланың қауіпсіз өмір сүруі, өз әлеуетін білуі және жүзеге асыруы үшін.
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара балалар үйінде бірінші рет өткізіліп отыр. Мереке балаларымыз ұнататын сүйікті ертегілер әлеміне саяхат форматында өтті.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, сурет салды. Балғындарымыз өте белсенді болды, жүргізушінің сұрақтарына ықыласпен жауап берді және үш тілде «Әр қашан күн сенбесін» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.
Салтанатты іс-шара соңында әже мен ертегі кейіпкерлері Бауырсақ, Қоян, Түлкі, Қасқыр мен Аю біздің балаларымызға тәттілер мен бауырсақтар сыйлады. Бүлдіршіндеріміздің мерекесі өте көңілді және қызықты өтті!