Бүгін біздің мамандарымызға арнайы тренинг өтті

Қараша 26, 2020

«Бала денсаулығы – біздің қолымызда»

Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде денсаулығына көңіл бөлу және дені сау ұрпақ ретінде тәрбилеу маңызды іс. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы бала кезінен тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады.

«Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаған. Адамның басты байлығы – денсаулық. Бір айта кетерлігі, денсаулық тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның байлығы. Дені сау ұлт қалыптастыру мен адам әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау – әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету және өмір сүрудің жоғары сапасына қол жеткізу үлкен жетістіктің бірі. Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе. Сол үшін бүгін біздің педиатр-дәрігерлеріміз – Масиха Султановна мен Багира Игеновна мамандарымызға «Ерте жастағы балалардағы аспирация», «Балаларға асфиксия кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдері» және «Балаларды ауыз-жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қайтымсыз күйіне әкелетін тұрмыстық-химиялық заттардан сақтайық» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: мамандарға балалардағы аспирация, асфиксия жайлы барынша толық ақпарат беру және балалардың денсаулығын сақтау.

  • 1
  • 2
Оқылды 350 рет