«Күнім» оңалту тобы оңалтуды қажет ететін ерекше балаларға бейімделген. Топта балалармен педагогикалық және медициналық мамандардан тұратын мультидисциплинарлық команда жұмыс істеді.
09.12.2020 жылы Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Күнім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.
Ертеңгілікке, балалар музыка залына ұшақпен ұшып келді. Мерекелік іс-шара барысында, балғындар ата-аналарына 3 айлық оңалту кезінде алған дағдылары мен қабілеттерін көрсетті. Бүрдүршіндер би билеп, ойын ойнап, театрландырылған миниатюраны тамашалады. Балалар мерекелік жоғары көңіл-күймен бітіру кешіне арнайы қонақ ретінде келген «Ақшақарды» күтіп алды. Бүлдүршіндерді ерекше қуанышқа бөлеу үшін, «Аяз ата мен Қаршақыз» Ақшақардан әр түрлі әдемі сыйлықтар беріп жіберіпті. Ертеңгіліктің әсерлі сәттерінің бірі бүлдүршіндердің ата-аналарына арнайы өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйға берді. Мереке соңында балалар ата-аналарымен бірге «қоштасу паровозымен» серуендеді. Мереке салтанатты, қуанышты және сонымен бірге өте қызықты өтті.
Құрметті ата-аналар! Сенімдеріңізге рахмет! Сіздерге сәттілік, отбасылық бақыт және шексіз қуаныш пен бақытты сәттеріңіздің көп болуын тілейміз.