12.12.2020 жылы Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не

Желтоқсан 12, 2020

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз. Сондықтанда болар «Бабаларымыз: Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, сонда ғана оның болашағы биік», - деген.

Ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – біздің ең басты міндеттеріміздің бірі.

12.12.2020 жылы Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не  ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиниятқызы және Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Досмырзаева Гульназ Толегенқызы  арнайы жұмыс сапарымен келді.

Директор Сәуле Кенжетайқызы ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиниятқызына балалар үйін таныстырып, экскурсия жүргізді. Ажар Ғинаятқызы балалардың денсаулығы мен тыныс-тіршілігіне қатысты, педагогикалық және емдік, сонымен қатар ерекше балаларды оңалту жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығына қатысты сұрақтарын қойып, бүлдіршіндердің өмір сүру жағдайымен танысты.

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) бірінші басшыларымен және өңірлердегі балалар үйлерінің директорларымен онлайн режимде жоспарланған жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: балалардың балалар үйінде болу жасын 6 жасқа дейін ұзарту; кадрлық қамтамасыз ету, мамандардың біліктілігін арттыру және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 414 рет