Баршаға тең мүмкіндік!

Желтоқсан 21, 2020

2021 жылы 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді. Мәжіліс - заң шығарушы төменгі палатадағы 107 депутат жақында жаңарып, жастармен толығады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Nur Otan партиясының атынан біздің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не көпсалалы №1 қалалық балалар ауруханасының Бас дәрігері Павловец Лариса Павловна келді.

Nur Otan партиясы атынан сайлауға қатысушы үміткер Лариса Павловна әлеуметтік гигиена және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жоғары санатты дәрігер. «Дәрігер-неонатолог» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі иегері.

Лариса Павловна, мамандарымызды Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдылықдары туралы ақпаратпен таныстырды. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы 5 жылға есептелген және барлық салаларға қатысты. Денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және ауылшаруашылығын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Nur Otan партиясының кандидаты Лариса Павловнаның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік деңгейде ерекше балаларды оңалтудың жаңа тәсілдерін жетілдіру;
  • Мектептер мен балабақшалардағы жағдайды жақсарту, қауіпсіздік мәселелерін анықтайтын мектеп инспекторларын дамыту;
  • Медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсарту үшін – оларға лайықты жалақы мен тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу;
  • Халықтың денсаулығын жақсарту үшін  ауруханаларды дамытып, жұмысы бұрынғысынанда нәтижелі болуы үшін жеткілікті жабдықтар, компьютерлер, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

Құрметті Лариса Павловна! Сізге сәттілік тілейміз!

Жеңіске бірге жетейік! Nur Otan-ға ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

Ұлтының болашағын ойламайтын адам жоқ. Ешкім ертеңгі күні қалай болатынын білмейді. Өткенімізге қарап болашағыңыз танылады. Ал, болашақ бүгіннен басталады. Еліміздің ертеңі жарқын болсын десеңіз, бүгінгі таңдауысызды дұрыс жасаңыз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Оқылды 408 рет