Біздің үйдің ең жақсы досына алғыс айтамыз!

Желтоқсан 20, 2020

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Адамның табиғаты сол – өзіне жақсылық жасап, жақсы мәміледе болған адамның қашанда жолы ашық болады. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі,» – деп М.Әуезов айтқан екен.

Пейілі дархан, көңілі кең, қолы ашық, жақсы адам – Даулет Қанат мырзаға балаларымызға арнайы сыйлаған жайлы жиһазы мен түрлі жаңа жылдық сыйлықтары үшін алғысымызды білдіреміз.

Балғындарымыздың жүзіне күлкі, көңіліне қуаныш орнатып, мереке қарсаңында шаттыққа бөлегеніңіз үшін сізге үлкен рахмет. Сізді, алдығы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Алдағы жыл сіз үшін табысты болып, алға қойған барлық жоспарларыңыз орындалсын.

  • 1
  • 2

Оқылды 328 рет