Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі» дейді. Ал оның түзу өсуі үшін оның жақсы адам болып қалыптасуына ықпал жасау керек. Кішкентай сәбиге сөзбен ізгілік, адамгершілік ұғымдарын түсіндіре алмайсыз, ал ол қасиеттердің бала бойында жастайынан қалыптасуы үшін жақсылықты жақсы істермен көрсете білу керек. Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Қолындағы барын балалармен бөлісіп, игі ісімен жас ұрпаққа ізгілік жолын көрсететін жақсы жандар біздің сәбилерімізге үнемі қамқорлығын көрсетіп келеді.
Жүрегіндегі жылуы мен мейірімін, қамқорлығы мен ерекше қолдауын көрсетіп, сәбилерімізге түрлі ойыншықтар мен дәмді тәттілерін, пайдалы жемістерін арнайы сыйлық ретінде алып келіп, біздің үйдің кішкентай тұрғындарына қуаныш сыйлаған Омарова Тлеулес ханым мен Актаева Алия Серкалиевнаға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, шуақты жақсылыққа толы күндер тілейміз. Алдағы келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа 2021 жыл Сіздерге қуанышы мен қызығын, жақсылығы мен ырысын әкеліп, игілігі мен сәттілігін сыйласын!