«QSM Korporatsiiasy» қызметкерлеріне керемет сыйлықтар үшін алғысымызды білдіреміз!

Желтоқсан 22, 2020

Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Қоғамдағы қазіргі тренд қайырымды болуға жетелейді. Әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатынан бастау алған ізгілік рухы қоғаммен бірге жалғасып келеді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп, ұлы Абай айтпақшы, иісі қазақтың бойында балаға деген көңіл ерекше.

«QSM Korporatsiiasy» ұжымына балғындарымызға арналған  жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға арнайы сыйлаған әдемі ойыншықтарыңыз, оларға үлкен қуаныш, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өздеріңіз секілді қамқор жандардың қолдауы мен мейірімі, біздің бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болып, жақсылықтан үлгі алып, жақсы адам болып қалыптасатындарына сенім береді.

Сіздерді, Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төріңізден орын алсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Ізгі ниетпен, «Мамандандырылған балалар үйі» ұжымы!

  • 1
  • 2

Оқылды 377 рет