“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” .
Шәкерім
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Жүрегіндегі ерекше мейірімін сәбилерімізбен бөлісіп, қамқорлық танытып, қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ ұжымы мен сәбилерінің атынан «САУАП» тобына және Сұлтанбек Абзал мырзаға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилерімізге көңіл бөліп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздердің ерекше мейірімдеріңіз, бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығына сенім береді.
Балдырғандарымызға жасаған жақсылығыңыздың игілігін көріңіз. Сіздерге, мықты денсаулық, шынайы бақыт, жұмысыңызға табыс, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіздер! Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын.
Сіздерді алдағы келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл игі істермен, қуанышты, жарқын оқиғалармен басталып, арман-тілектеріңіз орындалатын жыл болсын!