Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне біздің балапандарымызға арнайы әкелген сыйлықтары үшін және білдірген мейірімі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Өсіп жатқан ұрпаққа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болу – біздің міндетіміздің бірі. Қайырымды, балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын тамаша адамдарды кездестіргенімізге өте қуаныштымыз.
Біздің балаларымыздың ерекше өмірін жақсартуға талпынысыңыз үшін алғыс білдіре отырып, алдағы келе жатқан 2021 жылмен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге қуанышы мен қызығын, жақсылығы мен ырысын әкеліп, игілігі мен сәттілігін сыйласын! Тәуелсіз мемлекетіміздің баянды болашағының арайлы таңдарын атыруға бағытталған игі шараларыңыз жүзеге асып, Ел алғысына бөлене беріңіздер.