Мейірімділік ― адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы қамқорлық таныта алу қасиеті. Максим Горький айтпақшы: «Жақсылық жасаған адам, өзін бақытты сезінеді». Сәбилерімізді мейіріміне бөлеп, жақсылығымен бөліскен Нұрдос Әсетке, Тимур Қошановқа және Камила Ахмедиевнаға көрсетілген қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, қолға алған әрбір бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!