«Тенгри Раннерс» жүгіру клубына алғыс білдіреміз!

Желтоқсан 31, 2020

Халқымыз «Кең болсаң – кем болмайсың» деген. Жүрегі жомарт, қолы ашық, жақсылыққа жаны жақын жақсы адамдар – «Тенгри Раннерс» клубы өкілдеріне балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Ерекше көңілдеріңіз бен мейірімдеріңіз, біздің үйдің кішкентай бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады. Балғындарымызға жасаған жақсылықтарыңыздың игілігін көріңіздер.

Сіздерге мол табас, жоғары жетістіктер мен шынайы бақыт тілейміз! Сәттілік серегіңіз болып, тек биік шыңдардан көрініңіздер!

Оқылды 360 рет