Алматыдан жаңа жылдық сыйлықтар!

Қаңтар 06, 2021

Жақсылық жасау – адамның асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.

Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл бар. Жақсылығымен бүлдіршіндерімізді қуанышқа бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанАхбанбет Аронрашид пен Токболатова Айгерим Рысбековнаға алғысымызды білдіреміз. Алматы қаласынан «Казпочта» арқылы арнайы жіберілген сәлемдеме балдырғандарымыз үшін Жаңа жылдық ерекше тосын сый болды. Балаларымызға сыйлаған керемет сыйлықтарыңыз үшін рахмет!

Сізді, Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз.

  • 1
  • 2

Оқылды 355 рет