Адам – барлық ізгі сезімдермен қаруланған, жақсылыққа бейім, мәңгілікке құштар жаратылыс иесі. Әрбір адамның іс – әрекеті оның жан дүниесін бейнелейтін айна болып табылады. Өз іс-әрекетін рухына бағындыра білген жандар, әрдайым адамдық пен ізгілік жолынан ауытқымайды.
Кемел адам бейне бір шам тәрізді, өзі жанып, бітуге аз қалса да, өзгелерге жарық шашып тұрады. Тартымды сыйлықтарымен бүлдіршіндеріміздің өмірін нұрландырып, жүректеріне жылу сыйлаған Фаттах Каюмович мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз. Сұлу ханшайымдарымыздың көркіне сән беретін сәнді көйлектер мен сері жігіттерімізге сенімділік беретін стильді костюмдер сәбилеріміздің көңілінен шығып, қуанышқа бөледі. Ал қыстық етіктер аязды күндері балапандарымызды суықтан сақтап, жылылық пен жайлылық сыйлайтын болады.
Құрметті Фаттах Каюмович мырза!
Сіз, біздің балдырғандарымыздың қамқоршы досы әрі жанашыр қолдаушысысыз. Сізге деген ризашылығымыз бен алғысымыз шексіз! Үнемі бүлдіршіндерімізді назарыңыздан тыс қалдырмай әр түрлі сыйлықтарыңыз арқылы жүздеріне күлкі, көздеріне қуаныш, жүректеріне жылу сыйлайсыз. Балаларымызға жасаған әбір жақсы ісіңіз, сізге сәттілік пен жақсылық болып қайтсын! Денсаулығыңыз мықты, өмір жасыңыз ұзақ болсын!