Бірінші отбасы тобының ашылған сәтінен 3 жыл өтті

Ақпан 02, 2021

2018 жылғы 01 ақпан күні Балалар үйінде ерекше күн болды – алғашқы «Қоңырау» отбасы тобы ашылды. Дәл сол күннен бастап топтың тәбиеленушілері мен қызметкерлері үлкен бір отбасы болып өмір сүре бастады. Қорқыныш, күмән, сенімсіздік сезімдері көп болды. Уақыт өте келе отбасы тобында өмір сүру балаларға жақсы әсер бергені белгілі болды. Көп балалы отбасы тәріздес үлкен балалар кішілерге қамқорлық көрсетіп, кіші балалар үлкендерден үлгі алып өмір сүреді. Балалармен қатар қызметкерлер де өзгерді. Жақын ересектер немесе аналар (біздың айтуымыз бойынша) топта жайлы және отбасылық жағдайды қамтамасыз етеді. Балапандар ашыла басталды. Ерекше балалардың да оқуды қабылдаушы қасиеттері жақсарды. Мекеме қабырғасында 3 жылдың ішінде 4 отбасы топтары ашылып, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірінің сапасын жақсарту үшін барлық шаралар қолданылуда.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 343 рет