Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Биыл, Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы атанды.
Осындай атаулы мерекеге, біздің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-і ұжымы да, өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осы орайда «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында мекемеміздің қызметкерлері арасында челлендж ұйымдастырдық.