Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде, 2021 жылғы 01 наурызда, көктемнің алғашқы күнінде, жарқын да мейірімді мерекелердің бірі – Ризашылық күні өтті!
Біздің балалар бұл мерекені тағатсыздана күтеді! Кішкентай бүлдіршіндерімізге, бұл мерекеде, ғажайып ертегілердің кейіпкерлері қонаққа келеді. Бұл жылы да, біздің балаларымызды қуантып, түрлі ойындар ойнатуға, Қызыл телпек, Қасқыр, Әтеш және Бәйшешек кейіпкерлері келді. Таңғажайып ертегілердің кейіпкерлерімен бірге балалар мейірімділік пен жанашырлыққа, «Рахмет!» және «Алғыс айтамын!» деген сөздерді айтуға үйренді. Мерекенің басты кейіпкері, көптен күткен Көктем балаларға гүл шоқтарын ұсынып, барлығына жылу мен мейірімділік тіледі. Қызметкерлер барлық жастағы балалармен бірге қызықты және жарқын бағдарлама дайындады: тіпті біздің үйдің ең кішкентай тұрғындары да жақын ересектердің көмегімен би өнерінде өз шеберліктерін көрсетті.
Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы Кенжебаева, қызметкерлер мен балаларға өзінің жүрек жарды құттықтау тілегін айтты. Сәуле Кенжетайқызы өз құттықтауында мекеме қызметкерлеріне жүректерінің жылуы үшін, үйіміздің кішкентай тұрғындарына күнделікті жасап жатқан қамқорлықтары үшін алғыс білдіріп, әр отбасына денсаулық пен амандық, ал барлық бүлдіршіндерге – өз отбасыларына оралуға тілектес екенін білдірді! Өкінішке орай, пандемия әрқайсымыздың өмірімізде, оның ішінде балалар үйінің жұмысына да өзіндік өзгертулер енгізді. Осыған байланысты, бұл мерекеде, біздің құрметті қонақтарымыз болған жоқ, жылда олар өздерінің мейірімді, қайырымды істерімен балалардың өмірін жарқын, жылы және есте қаларлықтай ететін.
Тағдырдың қалауымен біздің үйге кез болған барлық балалардың атынан, барлық демеушілерге, меценаттарға және жай ғана қамқор адамдарға алғысымызды білдіреміз! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және табыс тілейміз!