«Жүз жыл жырлаған жүрек»
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған
Байғара, Жамбыл,
Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Биыл, Жыр алыбы - Жамбыл
Жабаевтың туғанына 175 жыл.
Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы.
Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы атанды.
Осындай атаулы мерекеге, біздің « Мамандандырылған балалар үйі»
МКМ-і ұжымы да, өз үлесімізді қосқымыз келеді. Осы орайда «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында мекемеміздің қызметкерлері арасында челлендж ұйымдастырдық.