Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі «OrtoDok» ортопедиялық салондар желісі мен клиникасының басшысы Жанэт Аманжоловна Толегеноваға ортопедиялық аяқ-киімдер түрінде көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін тәрбиеленушілердің атынан алғыс білдіреді. Сіз сыйлаған әлемдегі жетекші өндірушілердің сапалы, әрі төзімді аяқ киімдері Біздің балаларымыздың бірінші қадамын басуға ықпал етеді.
Сізге және клиника ұжымына бақыт пен табыс тілейміз!
Әр бастаған қадамдарыңызға гүл бітсін.