Нұр-Сұлтан қ. ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында «ЛЕДИ донор-2021» байқауы болып өтті

Наурыз 16, 2021

Адам қаны - бұл ең қымбат заттардың бірі, өйткені оның толыққанды аналогтары мен алмастырғыштары жоқ. Әлемнің  әрбір үшінші тұрғыны ерте ме, кеш пе донорлық қанға мұқтаж болады. Оның толыққанды және мүлдем қауіпсіз алмастырғыштарының жоқтығын ескерсек, бұл үлкен сұраныс тудырады. Тіпті ежелгі адамдар сау адамның қаны ауруларды емдей алады деп сенген, бірақ іс жүзінде алғашқы сәтті қан құю ХҮІІ ғасырда ғана болған. Сондықтан да, қанын басқаларға беретін адамдар құрметке, марапатқа және кез-келген мақтауға лайық.

Нұр-Сұлтан қаласының ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында «ЛЕДИ донор-2021» байқауы болып өтті. Бұл байқауға астаналық балалар үйінің қызметкері Құралай Сахаватқызы Сағнаева қатысты. Нәтижелерді қорытындылай келе, Құралай Сахаватқызы 2-орынды жеңіп алды!

Біздің ұжым, Құралай Сахаватқызын жеңісімен құттықтайды! Сіздің белсенділігіңіз, донорлық қозғалысты насихаттап, адам өмірін сақтауға қосқан үлесіңіз үшін рахмет! Өміріңізде бәрі ойдағыдай болсын, сол кезде кез келген мақсатыңыз міндетті түрде орындалады! Сізге зор денсаулық және әйел бақытын тілейміз!

Донор болу - бұл мақтаныш!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 333 рет