Гүлназ Ратқанқызы Алипбаева мен жолдасы Ғабиден Рақышұлы Махмутовқа алғыс білдіреміз!

Наурыз 19, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі, Гүлназ Ратқанқызы Алипбаева мен жолдасы Ғабиден Рақышұлы Махмутовты «GULI KIDS» балалар киім дүкенінің ашылуымен құттықтайды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген адал ниеттеріңіз үшін алғыс айтамыз. Балаларға арналған ойыншықтар мен жылы киімдеріңіз біздің  бүлдіршіндерімізге үлкен қуаныш сыйлады.

Ал өз қолыңызбен, сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасаған тәттілер себеті мерекеде балаларды қуантады! Сіздерге  алдағы уақытта, өсу мен өркендеу тілейміз! Дүкендеріңіздің есігі әрқашан қонақжайлықпен ашық болсын!

Оқылды 378 рет